ҚХА 25 жылдығы аясында төтенше жағдай қызметкерлері донорлық қызмет атқарды

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай тегін донор қызметін атқарды. Бұл іс-шара «25 мың құтқарылған өмір» республикалық акциясының аясында өтті. Осылайша донор болуға 60-қа жуық шымкенттік құтқарушылар ниет білдірген.

Олардың сөзінше тек апатты жағдайда ғана емес, күнделікті өмірде де мұқтаж адамдарға көмектесу міндет болып саналады. Акция соңында игі істі департамент қызметкерлері әрі қарай түркістандық әріптестеріне жолдады. Осы орайда республика бойынша 25 мың құтқарушы қан тапсырады деп жоспарланып отыр.

Ерғали Бахаев, Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары: «Биылғы жылы өте көп мерейтойлар бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай атамыздың 175 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Осы мерейтойлардың аясында ТЖД жеке құрамы біраз жұмыстарды атқарып жатыр. Соның бірі қазіргі таңда жастарды тәрбиелеу, сонымен қатар осы жастарға қауіпсіздікті үйрету» дейді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444