АТА ЗАҢ — АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ!
Қазақстан Республикасы егемен ел болып, өзінің Ата Заңы Конституциясын қабылдағанына 25 жыл уақыт болды.
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ел тарихында өшпес орын қалдырды. Ата заң мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Халық пен мемлекеттің арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Конситутцияда еліміздің демократиялық, зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мәртебесі, биліктің негізгі көзі – халық және мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам, оның өмірі, бостандығы мен құқықтары екендігі көрсетілген. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қоятын шындық. Қашанда ел тыныштығын, адамдардың өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары аз емес. Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген барша әріптестерімнің және Шымкент қаласы Полиция департаменті атынан барша қазақстандықтарды еліміздің Конституция күнімен құттықтаймын! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ,
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал- майоры