Өзбек этномәдени бірлестігінде белсенді жастар бас қосты

Шымкент қаласында Өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы «Жастар қанаты» қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында кездесу өткізді. Кездесуге қаламыздың студенттері мен жоғары сынып оқушыларын қосқанда қырықтан астам жас қатысты.

Кездесудің мақсаты — Қазақстандағы этносаралық татулықты насихаттау, сонымен қатар жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәлім-тәрбие беру. Жастар арасындағы белсенділердің ұйымдастыруымен отан сүйгіштік тәрбиеге байланысты түрлі іс-шаралар, оның ішінде дөңгелек үстел, рухани  кездесулер т.б. түрлі іс шараларды жиі өткізу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444