«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ БОЙЫНША ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫ КАНДИДАТ Г.ҚАРСЫБАЙДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, 1995жылы 1 қазан күні Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келгенмін.  Жасым 25-те.Білімім жоғары. Мамандығым заңгер.

Еңбек жолындағы қызметімді  2018 жылы « Жас Отан» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалында консультант қызметінен бастадым. Араға бір жылдан аса уақыт салып, қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі«Түркістан-Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Парасаттылық» мектебінің меңгерушісі қызметіне ауысып үлкен ортада жарты жылдан астам уақыт қызмет атқарып, тәжірбие жинақтадым.

Дәлқазір өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру мақсатында «Түркістан-адалдықалаңы» жобалық кеңсесінде менеджер қызметін атқарудамын.

Осы қызметтермен қосымша «ЖасОтан» Жастар қанаты
Түркістан қалалық бөлімшесінің төрайымы, Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесімін және Түркістан қаласы әкімінің қолдауымен құрылған «Асар» еріктілер ұйымының төраға орынбасары қызметтерін атқарудамын.Жас кәсіпкермін.

Жалпы жұмыс жасаған 3 жылға жуық уақыт аралығында атқарған үлгілі қызметтерім үшін

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды компаниясында  Түркістан облысы бойынша сенімді өкілі атанып, ел Президентінің алғыс хатына ие болдым.

Еріктілер жылында «Birgemiz»жалпыұлттық акциясында жалпы көрсеткен еріктілік қызметім үшін ҚР тұңғыш Президенті
«Nur Otan»  партиясының төрағасы Елбасы Н.Назарбаевтың  алғысына ие болдым.

2018 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.С.Әшімбаевтың алғыс  хатына  және 2020 жылдың маусым айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың құқық саласына қосқан үлесіме алғыс жариялады.

Бағдарлама

Өкінішке орай COVID-19 пандемиясы елімізді айналып өткен жоқ. Пандемия әсерінен қоғамдық процесстер жүйесі тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлем бойынша  сыр берді.

Мемлекеттік басқаруда немесе халықтың саяси хәл-ақуалын арттыруда пандемияны тек кризис деп қарамай, кризисті  өз кезегінде үлкен бір челлендж, яғни үлкен мүмкіндіктер алаңы деп қарап, күшіміз бен ісімізді сынап, креативті ойларымызды жүзеге асыратын уақыт.

«Nur Otan» партиясының ішкі іріктеу сайлауына адуыны мықты жас маман, мақсатшыл партия мүшесі, жас кәсіпкер, патриот жас ретінде саяси додаға қатысуды жөн көрдім.

Менің бағдарламам негізгі 5 бағытта жүзеге асады

  1. Халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын жүзеге асыруға ықпал жасау;
  2. Парасатты қоғамды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың жүзеге асуына ықпал ету;
  3. Өңірлік экологиялық мəселелердің шешілуі негізгі міндетім;
  4. Түркістан-тең мүмкіндіктер мекені
  5. Жас кәсіпкерлерді қолдау экономикалық әлеуеттің өсуі.

Халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын жүзеге асыруға ықпал жасау-COVID-19 жағдайы жұмыспен қамту және халықтың кірісі саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретіп, еңбек нарығына түзетулер енгізді. Ең көп зардап шеккендер – біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмысшылар: даяшылар, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға ықпал ету.

Парасатты қоғамды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың жүзеге асуына ықпал ету- өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, жастардың бойына адалдық, сенім, әділеттік сынды құндылықтардың жаңғыруына ат салысамын.

Өңірлік экологиялық  мəселелердің шешілуі негізгі міндетім- Экологиялық жағдай – бұл жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Егерде менің жақтастарым қолдап, кандидатым өтіп жатса  қоршаған ортаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырысып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы ретінде қарастырауға ықпал етемін.

Ол үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын көгалдандыру көлемін ұлғайтуға, сұрыптау сызықтары бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын салуға;жеке қоқыстарды жинауға және облыстағы елді мекендерде құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орнатуға ықпал етемін.

Түркістан-тең мүмкіндіктер мекені- қаламызда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлуді жөн санаймын.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған жобаларды түбегейлі кезең-кезеңімен жүзеге асыруға тырысамын. Мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге.

«Taiqazan» қайырымдылық дүкені арқылы мыңнан аса адамды киім мен азык-түліктер, қыстық отынмен қамтамасыз етуге.

«Асар» еріктілер ұйымы арқылы волонтерлік көмек көрсетуге дайынмын.

Жас кәсіпкерлерді қолдау экономикалық әлеуеттің өсуі — Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Түркістан – жастардың қаласы. Сондықтан жастарға қызмет беру үшін, оларға жақсы қалада тұру мүмкіндігін жасау үшін осылай жасап отырмыз», – деп атап өткен.

Түркістанқаласында 37,4 мыңнанастамжастар бар.

«Жас кәсіпкер»  жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 250 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына, бизнесте негізссіз кедергілердің болмауына  ықпал ету ойымда бар дүние.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары! Қадірлі партияластар!

Мен  қаламыздың әрбір тұрғынының  қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өркендеуі үшін барлық мүмкіндігіммен жастық жігерімді салуға және әл-ауқатты дамыған қоғамды бірге құруға шақырамын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444