Шымкентте онкологиялық науқастар арасында қазіргі таңда дәрілердің жетіспеушілігі жоқ
Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен бүгінгі брифингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері қатысты. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қатерлі ісік ауруымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың қамтамасыз ету мәселесі сөз болды.Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық онкопациенттер керекті химиопрепараттармен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Онкологиялық науқастар арасында қазіргі таңда дәрілердің жетіспеушілігі жоқ. Онкологиялық науқастардың электрондық тіркеліміне сәйкес диспансерлік есепте 6 285 адам бар, оның ішінде 1 276 науқас амбулаториялық химиотерапиямен ем алса, қалғандары стационарлық ем қабылдауда. Емдеу кезінде дәріге қатысты мәселе туындаған жаңдайда мамандар дәрілердің қолданыстағы бірдей аналогына ауыстырылатынын жеткізді.