ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БIРНЕШЕ АУДАНДАРЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ЖИЫН ЖИЫН ӨТТІ

 

2020 жылғы 24 — 25 қыркүйек күндері Түркістан облысыныңқұқық қорғау органдарының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиал өкілдері Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының жергілікті кәсіпкерлерімен кездесті.

Өңірде кезекті рет ұйымдастырылған бұліс — шара «Protecting business and investments» бағдарламасы аясында өтіп отыр.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша депараменті басшысының бірінші орынбасары М.А.Қарғабай, Түркістан облыстық Прокуратурасының басқарма прокуроры Б.Жұматаев, «Атамекен» ҰКП Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары И.А.Ким, кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы О.А.Кабиштаев және аталған аудандардағы кәсіпкерлермен аудандық «Атамекен» ҰКП,прокуратура және әкімдік өкілдері қатысты.

Әр ауданда өткен келелі жиында сөз алған Мирас Асқарбайұлы «Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға, бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге және елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда, бизнес-құрылымдарының өкілдерімен тікелей қарым – қатынас жасау және кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан қорғау Департаменттіңнегізгі бағыты екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Департамент тарапынан отандық және шетелдік кәсіпкерлерге аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.

Жиын барысында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері ортаға салынып, оңтайлы шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, бизнесті және  инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің мемлекет алдындағы маңыздылығы атап өтіліп, кәсіпкерлерге «Атамекен» ҰКП пен аудандық әкімдік мамандарының тарапынан құқықтық кеңестер берілді.

Айта кетсек, шара соңында кәсіпкерлер тарапынан айтылған арыз-шағымдардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы,  су, салық мәселелері бойыншаболды.

Сонымен бірге, жиынға келген кәсіпкерлертүйткілді сауалдарын жолдап, бизнесті қорғау және қолдау бойынша толымды мәлімет алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444