ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚАЛА/АУДАНДАРҒА ТОЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛУІН ҚАДАҒАЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай бастаған жедел жұмысшы топ Біріккен Араб Әмірлігі, Катар және Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдарының облысқа қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік ауруханалар мен емханаларға толыққанды жеткізілу барысына бақылау жұмыстарын жүргізді.


Зерделеу жұмыстарына Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, медициналық қажетті құралдардың жекеменшік ауруханалар мен дәріханаларға заңсыз сатылымға шықпауын болдырмау мақсатында барлық кораптарға «тегін» деп көрсетілген арнайы белгілерді орналастырды.

Айта кетсек, Қытай елінен Түркістан өңіріне гуманитарлық көмек келіп, облысымыз медициналық қорғаныс құралдарымен, соның ішінде 1 600 дана медициналық қорғаныс киімі, 8 200 дана хирургиялық қолғаптар, 50 дана байланыссыз инфрақызыл термометр, 28 960 дана хирургиялық бетперделер мен 3 700 дана медициналық қорғаныс көзілдіріктерімен толыққан болатын.

Алдағы уақытта да Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері гуманитарлық көмектен бөлек, дәріханадағы дәрі-дәрмек құнының шектік бағадан өсуі мен дәрілік заттардың жетіспеушілігі, сондай-ақ заңсыз сатылымға шығуы деректері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізіп, нақты шараларды жүзеге асыратын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444