ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан қоғам белсенділерінен  Жұмысшы топ құрылып, күнделікті мегаполис дәріханалары мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына мониторинг жүргізуде.

Шілденің басынан бастау алған мониторинг барысында алғашқы күндері дәріханалардағы дәрі-дәрмек тапшылығы, кассалық аппараттардың болмауы мен чексіз, рецептсіз препараттарды сату байқалған болса, қазіргі таңда жағдай біршама жақсарған.

Шымкент қаласына шет елдерден жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсуде. Одан бөлек Қытай және Катар мемлекеттерінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық заттар «СК Фармация» қоймаларына келуде. Жұмысшы топ ол заттарды есептеп, ауруханалар мен дәріханаларға жеткізілуін қамтамасыз етуде.

Қазіргі таңда Департамент басшылығы Жұмысшы топпен бірлесе  100-ден аса дәріханалар мен 4  қоймаларға мониторинг жүргізді.

Мысалы, бүгін «Зерде» дәрілік заттар қоймасына барып, келіп түскен «Дексаметазон» (60900 дана), «Парацетамол» (50 000 дана), «Эуфиллин» (100 000 дана), «Офлодик» (30 000 дана)  дәрілерінің дәріханаларға жеткізілуін сүйемелдеді.

Дәрілерге деген сұраныстың көп болуына байланысты олар жылдам сатылуда. Жұмысшы топ халыққа дәрі-дәрмектердің уақытылы жеткізілуі мен тапшылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, Департамент қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, сұранысқа ие препараттарды пайда табу үшін жоғары бағамен сатушыларды анықтау мақсатында тексеру жүргізді.

Іс-шара барысында дәріні заңсыз, қымбат бағада сату фактісі бойынша қала тұрғыны ұсталды. Ол «Меропенем» дәрісін 13 мың теңгеден, 20 данасын, жалпы сомасы 260 мың теңгеге сату кезінде құрықталды.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс , шағымдарыңызды  8702 000 24 94 және  8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдай аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444