Онлайн көрмені «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі жалғастырды

Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізген онлайн көрмені «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі жалғастырды. Көрмені бірлестік төрағасының орынбасары Сейдолла Абдуллаұлы Ибишов құттықтау сөз сөйлеп ашып, ізгі лебізін білдірді.

-Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі Шымкент қаласының тұрғындары!

Жүрегіміз, ділімі бір, бір шаңырақ астында еліміздің тарихи сәттерін бірге өткеріп келе жатқан халықпыз. Қай кезеңде де біз ауызбіршілігімізді сақтап, татулығымызды ұмытпау керекпіз, — деген Сейдолла Абдуллаұлы түрік халқының ұлттық киімдері мен ас-су бұйымдарының атауымен таныстырып өтті. Қазақ пен түрік ежелден түбі бір бауырлас халықпыз. Сөздік қорымыздың түп-төркіні де, салтымыз да ұқсас. Ғасырлар бойы сыйластығымыз, мызғымас достығымыз ортақ діліміз бен тарихымыздың арқасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444