Гауһар Уәлиханқызы: Еліміздегі этностар мен ұлыстардың қазақ халқының айналасына шоғырлануына өз үлесімізді қосып келеміз

Шымкент қаласында мекен ететін этностардың салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізілген онлайн көрмеде «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы Гаухар Уәлиханқызы Төлепова құттықтау сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарына шолу жасап өтті.

Гаухар Төлепова, «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы:

—«Ынтымақ» этномәдени бірлестігі бүгінгі таңда қаламыздағы 17 этномәдени бірлестіктерімен бірге қоғамдағы бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді сақтауға өз үлесін қосып келеді. «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің негізін қалаған аға-апаларымыздың есімін үлкен ілтипатпен атап өткім келеді. Ең алдымен «Қазақ тілі» қоғамы болып ашылған «Ынтымақ» этномәдени бірлестігін алғаш басқарған Егембердиев ағамыз болды. Одан кейін Құрмет орденінің иегері, қоғам қайраткері Лиза Баянқұлова 1995-2013 жылдары басқарып, өзіне міндеттелген жұмыстарды аса жауаапкершілікпен алып келді. 2013 жылдардан бастап осы «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің жұмысын алып жүру маған сеніп тапсырылды.

Біз осыған дейін еліміздегі татулық пен бірлікті, ынтымақты нығайта түсуге, қазақ халқының жанына өзге этностар мен ұлттарды ұйыстыра түсуге өз үлесімізді қосып келеміз. Бірлестікте осыған дейін қаншама жұмыстар атқарылды. Өзге ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, өз салтымызды кеңінен насихаттап, оны сыйлап-құрметтеуге бір кісідей атсалысып келеміз.

Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық жадымыздың жаңғырту үшін «Көркем әжелер» тобымен бірге, сондай-ақ, Шымкент қаласы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесе 20 бейнеролик түсірілді. Мұнда қазақтың байырғы жөн-жоралғы, ырым-тыйымдары бейнеленген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444