«Ынтымақ» этномәдени бірлестігі онлайн-көрме өткізді

Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен биылғы Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына орай онлайн режимде көрме өткізілді.  Онлайн көрме Шымкент қалалық қоғамдық келісім мекемесінің әлеуметтік фейсбук парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Көрмеге «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова бастаған «Көркем әжелер» тобы қатысты. Шымкент қаласы этномәдени бірлестіктерінің «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері күні» деп аталатын бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, ұмыт болып бара жатқан ғұрыптарымызды қайта жаңғырту, жас буынға көнеден келе жатқан қазақы жөн-жоралғыларды жеткізу болатын. Көрме барысында қазақ халқының тұрмыста қолданатын ұлттық бұйымдары мен аспаптары ұсынылып, көрерменге таныстырылды. Мұнан соң этномәдени бірлестікке қарасты «Көркем әжелер» тобы Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындап, қошеметке бөленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444