ТҮРКІСТАНДА ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН САУДА ҮЙІ АШЫЛАДЫ

Бүгін Түркістанда аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алғаш рет кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді. Онда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларындағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалану, тамшылатып суару жүйелері, бордақылау алаңдары мен су қоймаларын салу туралы мәселелері әңгіме арқауына айналды.
Облыс әкімі өңірді дамытуға бағытталған кәсіпкерлердің бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын екендігін атап өтті.
«Мемлекет пен бизнестің күшін біріктіру арқылы ғана күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сіздердің жұмыс барысындағы барлық ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз міндетті түрде ескерілуі керек. Біз сол үшін де жұмыс істейміз. Біз кез-келген нақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ, біз сіздердің аймақтың дамуына қандай үлес қоса алатындарыңызға көз жеткізуіміз керек», — деді Өмірзақ Естайұлы.
Сонымен қатар, облыс әкімі кәсіпкерлерді өз идеялары мен жобаларын белсенді түрде ұсынуға шақырды. Кездесу барысында Өмірзақ Естайұлы облыс орталығының даму жоспарлары туралы айтты. Өңір басшысы Түркістан қаласында  шаруаларды қолдауға арналған арнайы сауда үйі ашылатынын жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі осындай шараларды тоқсан сайын өткізіп тұру туралы ұсынысын білдірді.
Өз кезегінде шаруалар шетелден келетін шикізаттарды жеңілдетілген бағамен алып, мамандар тапшылығын шешу қажеттігін айтты.
Жиын соңында облыс басшысы нәтижелі шешім қабылдау үшін барлық айтылған сұрақтар егжей-тегжейлі зерттелетінін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444