Болат құю зауыты ашылмақ

Биыл– елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Осы мақсатта Түркістан облысында  «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауыты іске қосылады.   Жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын кәсіпорын жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ. Өңіріміздегі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылғалы отырған жобаның бірі болмақ. Бұдан басқа мерейтой қарсаңында ел игілігі үшін облыс аумағында 4 балабақша,  Шардара ауданында 10 пәтерлі екі қызметтік тұрғын үй мен Төле би ауданында 20 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, ал Бәйдібек ауданында 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі. 1-6 шілде аралығында Түркістан қаласында «Яссы құс» шаруа қожалығының екінші кезеңі, сиымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сервистік орталық ашылады. Астана қаласының 20 жылдығына 20 нысан акциясы барысында 200 орындық мәдениет үйі мен 600 орындық мектеп, 60 балаға шақталған «Ақкен» емдеу-сауықтыру лагері және спорт нысандары мен демалыс орындар ел игілігіне тапсырлады. Осылайша, оңтүстік өңірде Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында халық үшін маңызы зор бірқатар әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың құрылысы аяқталып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444