Білім нарығында өзіндік орны бар – 3
Түркістан облысында «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы келген делегация жұмыс сапары барысында аграрлық колледж студенттерінің жұмысымен де танысты. Бүгінде колледж студенттері Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда еңек етіп жүр. Еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына өз үлестерін қосуда. Колледждің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ұтқыр, білімді студенттер. Қазіргі таңда оқу орнының материалдық — техникалық базасы мен жұмыс ауқымы жүйеленген, ақпараттық технологиялармен жабдықтау, IT-технологияларды ендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Колледжде 15 мамандық бойынша білікті мамандар даярлауды жүргізеді.
Шымкент аграрлық колледжі білім беру нарығында өзіндік орны бар, қарқынды даму үстіндегі материалдық – техникалық базасы қалыптасқан, заманауи оқыту технологияларын енгізуде инновацияларды қолданатын білім ордасы. Білім ордасын тәмәмдаған студенттердің басым бөлігі жұмыссыз қалған емес. Өйткені инновациялық бағытта білім беретін оқу орнының шәкірттері халықаралық түрлі байқауларға қатысып, өз білім деңгейлерін дәлелдеп жүр. Сондай ақ нағыз бүгінгі күннің сұраныстағы ммамандықтарын меңгерген.