Қызметтік үйлер құрылысы қызу жүргізілуде

Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов құрылыс саласының мамандарымен бірге Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтек ауданы мен Шәуілдір ауылында салынып жатқан мемлекеттік қызметтік үйлерді аралап, құрылыс жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Алдымен Әл Фараби жаңа мөлтек ауданындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының барысын көрген аудан басшысы жауапты мердігерге құрылыстың сапалы, барынша талапқа сай жүргізілу керектігін ескертті. Мұнан соң аудан әкімі Шәуілдір ауылындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын саралады. Мердігерлердің айтуынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді.  Айта кету керек әлемдік тарихта өз орны бар Отырардың мәртебесін көтеру жолында еңбек етіп жатқан әлеуметтік қызмет саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ауданда қызметтік тұрғын үйлер бой көтеруде. Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтек ауданда 12 пәтерлік 2 қызметтік үйге бюджеттен 137,6 млн. теңге қаржы қаралса, Шәуілдір ауылынан салынатын 12 пәтерлі 2 қызметтік үйге облыстық бюджет есебінен 200 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінде аталған нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Аралаудан соң аудан әкімі мердігерлер мен құрылыс саласына жауапты басшыларға жұмыстарды сапалы әрі кестеге сай мерзімінде тапсыруды жүктеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444