Инновациялық жобалардың кені -2

Түркістан облысында  «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы келген делегация жұмыс сапары барысында аграрлық колледжді аралап көрді. Алдағы уақытта жастар бастауыш жобаларын қаржыландыру және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Құрамында, Инчхон Ұлттық университетінің құрметті профессоры Рае Квон Чунг, Корея қоршаған ортаны қорғау корпорациясының директоры, жаһандық ынтымақтастық басқармасының төрағасы Ю Джае ЧОН, экологиялық ұйымдар қауымдастығының Басқарма төрағасы жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды трансферті Сағадибекқызы Айгүл Соловьева, G-Global жасыл экономика және дамыту үшін коалициясының төрағасы, Халықаралық Орталығы басшысының орынбасары Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекова және М.Әуезов атындағы ОҚМУғылыми-зерттеу және ғылым кафедрасының меңгерушісі Кванг-Донг Ким сынды ғалымдар бар делагация оқу орнының ауыл шаруашылығына қажетті мамандар әзірлеудегі бірқатар мүмкіндіктерімен танысты. Бүгінгі күні Шымкент аграрлық колледжі Республикадағы 16 базалық колледждердің құрамына енген, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына қажетті ауыл шаруашылығы салаларына заманауи жаңа технологияларды игерген бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды дайындайтын оқу орны.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444