Өндірістік қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайды

Мақтаарал ауданында мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары технологиялық құрал-жабдықтары АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алынып, монтаждалған.

 

Өндірістік қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Қолданыстағы мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарған.

 

Зауыт мамандарының айтуынша, биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай. Бірақ зертхана тексеруі кезінде мақтаның ластығы мөлшерден көбейіп кетуде. Себебі, терімшілер қауашақ, көк жапырақ, шөп-шаламды араластырып тереді. Сол үшін зауыт басшылары мақташыларды таза өнім жинауға шақыруда.

 

 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444