Ақпараттық топ мүшелері тұрғын алаптарда

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай және мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі жалпыұлттық татулықты насихаттау барысында Шымкент қаласы ҚХА жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері этнос өкілдері  шағынаудандар мен тұрғын алаптарда  кездесулер өткізді.
Қатын көпір, Сайрам, Маятас, Исфиджап, Тассай, Қызылжар, Бадам 1, Забадам, Тоғыс, Абдулабад тұрғын алабы мен шағынауданында болған топ мүшелері бүгін Еңбекші,Қаратау ауданындағы, Базарқақпа, Исфиджап, Абдуллабад тұрғын алабында кездесу өткізіп, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын түсіндіріп, құқықтық мәдениетті арттыру мен жергілікті жердегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Құрамына қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Ұ.Башенов, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов және т.б. қалалық ассамблея жанындағы құрылымдардың өкілдері мен белсенді этнос мүшелері енген топтар осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беріп, этностар жинақы тұратын 20-дан астам тұрғын алаптар мен шағынаудандарда кездесулер өткізуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444