ТҮРКІСТАН: СЫЙЛЫҚТЫ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНЫП АЛУ ЖӘНЕ БЕРУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ
Сыйлық алғанды ұнатпайтын адам кем шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады. Десек те, бүгінгі күні сыйлық беру, әрі сыйлық алу – қалыпты құбылысқа айналғанымен, ол сыбайластықтың орнығуына және туындауына тікелей ықпал етеді.
Қызмет бабында сыйлық алу мен беру жауаптылығын түсіндіру үшін Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Облыстық төтенше жағдайлар Департаменті мен облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара іс-қимылды күшейту және адам болмысындағы ізгі қасиет адалдық пен әділдікке тәрбиелеу.
Аталған жиынға Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ақпараттық ағарту штабының төрайымы Ұ.Мұстафаева, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев қатысып, сыйластықтың сыйлықпен өлшенбейтінін жіті түсіндіріп, сыйлық алу және сыйлық беру заңсыз әрекет болып табылатынын жеткізді.
Алдағы уақытта да аталған штаб тізіміне бекітілген
Ұлжалғас Әбенқызы, Мархабат Байғұт, Мұрат Алимбеков, Шойбеков Бекарыс, Ғалымжан Елшібай, Абпазов Айдос, Тұңғышбаев Ерұлан сынды қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері өңірде сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастыру жолында белсене қызмет етіп, жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізетін болады.