ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ ЖОО МЕН КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ АШЫЛДЫ
Бүгінгі күні жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- ертеңгі ел болашағы.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Парасаттылық мектебі» облыстағы барлық мемлекеттік және жекеменшік ЖОО мен 55-ке жуық кәсіптік техникалық колледждерде ашылу жұмыстары аяқталып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өз жұмыстарын бастап кетті.
Білім ордасындағы «Парасаттылық мектебі» – бұл қарқынды, шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоциялық тұрғыдан еркін және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара әрекеттестіктің үйлесімі.
«Парасаттылық мектебі» осы негізде:
- Әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықты бар теориялық әзірлемелердің және қолданыстағы ұлттық, шелтелдік және халықаралық заңнамалардың негізінде кешендік зерттеу;
- Сыбайлас жемқорлықтың мониторингін жүргізу;
- Қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты ұсыныстарды әзірлеу;
- Сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына орай әкелетін жағымсыз салдарына қоғамның назарын аудару;
- Студенттік қауымдастықта сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын зерттеу аясында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыреттіліктер мен қабілеттерін қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлықтық жағдайларға тап болған студенттерге және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу жұмыстарын жүйелі түрде жасауда.