САРЫАҒАШТЫҚ ҰЖЫМ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШТЕН БАСТАП ТАРТЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Қайырымды игі іс — қастерлі ұғым, әрдайым жақсылыққа және адалдыққа үндеген ізгі іс, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі.
Мемлекеттік қызметші — қоғамның ажырамас бөлігі.
Осы ұстанымды өмірлік серік еткен Департаменттің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының қызметкерлері Жаңа жылдық корпоративті кештен бастап тартып, мереке қарсаңында қайырымды игі шарасын өткізді.
Ұжымның бастамасымен қолдау тапқан шара аясында аудандағы 13 мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне арнайы барып, балақайларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар жасады.
Көңілге демеу ұялататын игі шараны қолға алған Басқарма ұжымына асыл аналар мен қам көңіл балалар шынайы алғыстарын білдірді.
Осылайша, қоғам болып қайырлы істерге көбірек көңіл бөлсек, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.
Айта кетсек, осындай игі шаралар аясындағы түрлі тартулар біздің өңірімізде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.