ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН БАҚ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылығы мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы жылды қорытындылап, бірқатар қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Департамент басшысы А.Жұмағали жемқорлықсыз қоғамды қалыптастырудағы азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерінің ерекше орын алатындығын айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда одан әрі жұмыстарды бірлесе жалғастыруға шақырды.

Асхат Жұмағалиұлы барша қатысушыларды осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда көрсеткен қолдауларына алғысын білдіріп, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, аталмыш жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына, қоғамда әділдік, адалдық, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевтың, Департамент басшысы А.Жұмағалидің  арнайы грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар, құрылғанына 1 жыл толған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына қолдау көрсеткен білім, денсаулық сақтау, полиция, жас кәсіпкерлер мен жастар мәслихатының депутаттары, Жобалық кеңсе қызмткерлері де марапатқа ие болды.

Кездесу соңында қатысушылар естелік суреттерге түсіп, ұсыныстары мен тілектерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444