ТҮРКІСТАН: ТАЗА СЕССИЯ — АДАЛ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелері Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттермен кездесті.

Жастармен кездесудің басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара іс-қимылды күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы жастардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ адам болмысындағы ізгі қасиет адалдық пен әділдікке тәрбиелеу.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шарада Департаменттің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев жиынға қатысушы студенттерге ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелерін таныстырып, бүгінгі күні жемқорлық көріністерін болдырмауға мемлекет саясаты айрықша басымдық беріп жатқандығын жеткізді.

Аталған жиынға Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, облыстық мамандандырылған сот жанындағы алқа мүшесі, ақпараттық ағарту штабының жетекшісі Ұ.Мұстафаева, «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, Түркістан гуманитарлық-техникалық  колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты, областық арнайы мониторингтік топ мүшесі А.Абпазов және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев қатысып,  жастарды жең ұшынан жалғасқан  жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ,  ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері адал жолмен өрілген өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,  жастарға оң бағыт-бағдар берді.  Колледж студенттеріне «Таза сессия» жобасының мақсаты мен маңыздылығын жіті түсіндіріп, елдің кемел келешегін қалыптастыратын жастардың болмысында ең ізгі қасиет адалдық бой көрсетуі тиіс екендігін атап өтті.

Алдағы уақытта аталған штаб тізіміне бекітілген Ұлжалғас Әбенқызы, Мархабат Байғұт, Мұрат Алимбеков, Шойбеков Бекарыс, Ғалымжан Елшібай, Абпазов Айдос, Тұңғышбаев Ерұлан сынды қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері  өңірде сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастыру жолында белсене қызмет етіп,  жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444