МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖОСПАРЫ 5,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ
Шымкент әкімдігінің ақпараттық коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Н.О.Көшеровтің қатысуымен жоспарланған баспасөз брифингі өтті. Жиында Нұралхан Оралбайұлы 2019 жылдың алғашқы 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспары 5,3 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде: Республикалық бюджет жоспары 102%-ға, яғни 1,4 млрд.тг. асыра орындалды. Жергілікті бюджет жоспары 106% орындалды немесе 3,9 млрд.тг. артығымен қамтамасыз етілгендігін жеткізді департамент басшысы (жоспар 69,2 млрд.тг, нақты түсім 73,1 млрд.тг).