Экологиялық таза өнім өндірмек

«Golden Camel» компаниясы алдағы уақытта Түркістан облысындағы іргелі кәсіпорындардың біріне айналмақ. Түйе сүтінен ұнтақ өндірудің бір ерекшелігі, оның экологиялық тазалығында. Мұнда сиырдың сүтіне қолданылатын технологияны пайдаланып, қатты температурада қыздырмайды. Ол кезде сүттің барлық пайдалы қасиеттері жоғалар еді. Түйе сүтінен ұнтақ суглинациялық тәсіл бойынша алынады. Яғни жоғары температуралық қысымға ұшырамайды. С.Арапбаевтың айтуынша, өткен ғасырдың елуінші жылдары Қазақстанда 1 млн. 200 мың түйе болған екен. Қазір соның 200 мыңдайы ғана қалыпты. Жыл сайын 5-7 пайыздық өсіммен көбейіп жатыр. Қазақстанда шөлді, шөлейтті жерлер көп болғандықтан түйелердің көбеюіне еш кедергі жоқ. Осынау мәселенің күрмеуін тарқату үшін инвесторлар өздерінің тарапынан бір әрекеттер жасап көріпті. Алдымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы бағдарламасына жобаларын енгізеді. Сосын ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тиісті комитетімен келісімшартқа отырады. Мұндағы көздеген мақсаттары – түйе шаруашылығын дамытуға, олардың санын көбейтуге ақша бөлдіру. Зауыт 365 күн жұмыс істеуге дайын. Ол үшін ауылдарда сүт қабылдау пункттері болу керек. Сүт таситын көліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Міне, осы істің басын біріктіретін арнайы жоба жасап, оның құнын есептеп көрсетіп, тиісті министрліктерге ұсыныпты…

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444