Шымкентте республикалық қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында І Республикалық қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтті. Shymkent Film Festival жас киногерлерді және аймақтық киноөндірісті қолдауға бағытталған. Конкурсқа соңғы екі жылда түсірілген қысқаметрлі фильмдер қабылданды. Ережеге сәйкес ұзақтығы 20 минуттық туындыларға тақырыптық және жанрлық шектеулер қойылған жоқ. Shymkent Film Festival ұйымдастырушысы Республикалық және халықаралық кинофестивальдердің жеңімпазы, Режиссер Рақымжан Қалдыкөз. Оның айтуынша, конкурсқа 15-ке жуық режиссердан өтінім түскен. Республикамыздың әр аймағынан ұсынылған фильмдерді белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаев бастаған қазылар алқасы «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік актриса», «Үздік актер», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациялары бойынша анықтады. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында режиссер Дарежан Өмірбаев, кинорежиссер Ержан Жұмабеков, кинорежиссер Шерхан Тансықбаев, театр және кино актрисасы Жәудір Сарыпбекова сынды білікті кадрлар бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444