EXPO көрмесінде Пәкістан Ислам Республикасы ұлттық күнін тойлап жатыр

EXPO көрмесі аумағында бүгін үлкен той. EXPO-2017 көрмесінде Пәкістан Ислам Республикасы ұлттық күнін атап өтіп жатыр. Дәл бүгінгі күні Пәкістан Ислам Республикасы тәуелсіздік алған екен. Сондықтан бұл айтулы мереке Сарыарқа төріндегі көрмеде осы елдің ұлттық күнімен тұспа тұс келіп отыр. Ұлттық күн сахнасында еркіндік алған күнін тойлап жатыр. Яғни, Пәкістан павильоны келушілерге бүгіннен бастап есігін айқара ашты. Осыған орай, салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Пәкістанның әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді. Айта кету керек, бұл ел табиғи дүниені қолданғанды қалайды. Сондықтан болар ыдыс-аяқтарының көбін саздан жасауды әдетке айналдырған. Мұнда саз-балшықтан жасалған үлкен пеш те орнатылыпты. Онда бір уақытта екі түрлі тағам пісіруге болады. Артықшылығы сол: оған электр қуатын шығындамайсыз. Әрі жылуды біркелкі беретіндіктен, тамағыңыз күйіп кетеді деп алаңдаудың қажеті жоқ. Тағы бір айта кететіні, Пәкістан желді де тиімді пайдаланудың көзін тапқан. Кәдімгі самал жел үйдегі желдеткіштің орнын алмастырады. Жаңа құрылыстың төбесіне жел күшін жинайтын құрылғы орнатпақ. Сондай-ақ күннен қуат алу бір жолға қойылған. Мысалы, осы елдің Парламент сарайы толығымен күн энергиясы арқылы жарықтандырылады. Пәкістан павильонының таныстырушысы: – Аграрлы ел саналатындықтан, бұл елде дақылдардың сан түрі өсіріледі. Мақта, күріш, бидай, қант құрағы, жеміс-жидекке бай. Табиғи жағдайы жылына 2-3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Экспортқа мақта-мата, жіп, күріш, былғары, балық, кілем шығарып, сырттан бидай және машина, құрал жабдықтар, тұтыну тауарларын алады. Оған қоса, тоқыма және тамақ жеңіл өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар металлургия, газ, мұнай өңдеу, цемент шығару өндірістері жақсы жолға қойылған. АҚШ, Жапония, Германия елдерімен сыртқы сауда-саттығы қызып тұр. Ал 1992 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанмен дипломатикалық қатынас орнатқан. Содан бері екі ел сенімді серіктестік орнатып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444