Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері балаларды спортқа баулыды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетов қаламызда Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.
Жыл басынан департамент №4 балалар үйін қамқорлығына алумен қатар, балаларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы өздері дамып, алдарына мақсат қойып соларды орындауға бейім болса, яғни өмірде өз-өздерін қорғай алу мақсатымен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін бекіткен. Жасақ қызметкерлері аптасына екі рет барып, түрлі спорт түрлерінен жаттықтыруда.
Соның нәтижесінде бүгінгі күні №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Байымбетов Руслан — 28, Асланбек Оразхан — 46, Асланбек Нұрмаханбет — 48, Күлкібаев Мұхаммед — 52, Нұржанұлы Елхан — 52 келі салмақ дәрежесінде аталған додада бақ сынасып, жеңіске жетті.
Алдағы уақытта да спортшы балаларымыз олимпиада чемпиондары болатындарына сенім білдіреміз.