Шымкент қаласы бойынша алдағы үш жылда әлеуметтік саланың қаржыландыру барысы айтылды
Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен баспасөз брифингі өткізілді. Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін қалыптастыру барысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 10 981,3 млн.теңге; жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға 2 160,0 млн.теңге және тұрғын үй сатып алуға 4 320,0 млн.теңге қаржыландыру жоспарланған. Сондай-ақ, жастар практикасына және жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге 2 020,0 млн.теңге; Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 1 111,3 млн.теңге; азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға 778,3 млн. теңге; көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар маман даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 111,4 млн.теңге; жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендияны ұлғайтуға 106,4 млн. теңге; орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға — 732,1 млн.теңге жоспарланғаны айтылды.