Грекия энергияның басым бөлігін желден алады

ЭКСПО алаңында Грекияның ұлттық күндері өтуде. Онда Грекияның экономика және даму министрі Димитрис Пападимитриу арнайы келген болатын. Бұдан кейін қонақтар Грекияның павильонына қарай бет алып, көрмеге әкелген ғылыми жаңалықтармен танысты. Айта кетейік, мұндағы концепция «Ауадағы энергия» тақырыбына негізделген екен. Экспонаттар Грекияның жанданатын энергияны қалай қолданатынымен таныстырады. Павильонды әзірлеушілердің пікірінше, табиғаттағы жел, су, күн мен жердің ішінен жел ең динамикалық элемент болып табылады. Оның атмосферасы да таза деп есептейді олар. Павильонның тақырыбын келушілерге жеткізу үшін негізгі көрме алаңында желдің үні естілетіндей жасаған. Оның қарқындылығы желкендердің немесе жел диірменінің қозғалысына байланысты өзгеріп отырады. Ал жалпы павильон Грекияның негізгі түстері — көгілдір және ақ түстерде жасалған. Оның алаңы 400 шаршы метрден асады. Балқан түбегінде орналасқан Грекия Республикасы – Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда тұрған мемлекет. Яғни жел Грекияға жан-жақтан тұрақты соғып тұрады. Сонымен қатар туристердің ең көп баратын Миконас аралының көріністері де бейнеленген. Мұнда келушілер арнайы баннердің алдына тұрып, суретке түсе алады. Ал шағын кинотеатрда Грекия туралы фильм көріп, демалуға болады. Жалпы Грекияның жанданатын энергия көздері бұл жерде көрсетілген ақпаратқа сәйкес 2013 жылы 7,6 пайызды құраған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.   Сондай-ақ мұнда Грекияның мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін шағын көрме ұйымдастырылған. Міне, Грекия павильонының басты ерекшеліктері осындай.
Бүгінде Грекияда қайта қалпына келетін қуат көзі 15 пайыз шамасында. Ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізіледі. Бұл туралы ЭКСПО көрмесі аясында өткен Грекияның ұлттық күнінде айтылды. Балқан түбегінде орналасқан ел энергияның басым бөлігін желден алады. Грекияның ЭКСПО-дағы павильоны да «Ауадағы энергия» деп аталады. Ғалымғазы Айтқазин, экскурсия жасаушы: – Біз төрт түрлі энергия туралы айтамыз, павильонның өзі порт ретінде жасалған. Ерекшелік – ол атмосфера. Себебі Грекия елінің тұрғындары – су жағасында тұратын адамдар. Олар қалай демалу керектігін біледі. Сол себепті осы көрмеде де адамдарды демалуға жаңа білім алуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444