Жамбыл облысында биыл 2145 тонна ет экспортқа шығарылды

Қазіргі уақытқа Жамбыл облысындағы барлық мүйізді ірі қара малы 385 мың басты құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,1 %-ға жоғары, қой мен ешкі саны 2,9 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артты, жылқы саны 118,9 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда – 8%-ға, түйе саны – 4,6%-ға, құс саны – 24,9 %-ға артты.  Сонымен қатар, ет өндірісі – 4,0%-ға, сүт өндірісі – 2,0 %-ға жұмыртқа өндірісі – 9,1%-ға артты.

Ағымдағы жылы 2 500 тонна (сиыр еті – 1000 тонна, қой еті – 1500 тонна) ет экспорттау жоспарланған. Ағымдағы жылдың басынан бері өңірдің тауар өндірушілерімен барлығы  2145 тонна ет экспортқа шығарылды, оның  1500  тоннасы қой еті  645 тоннасы сиыр еті. 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама  қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген болатын. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2024 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланса, биылғы жылы 1850 бас МІҚ малы әкелінеді. Бүгінгі күні Жамбыл ауданында орналасқан «Бақ-Нұр» шаруа қожалығы Ресей Федерациясының Алтай өңірінен Қазақтың ақбас тұқымының 70 аналық басын алып келді. «Бақ-Нұр» шаруа қожалығы жаңадан ұйымдасқан шаруа қожалық болғандықтан, Жамбыл ауданындағы «Дихан» несие серіктестігі арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалынан 40,0 млн.теңге жеңілдетілген несие алған болатын. Алдағы уақытта шаруа қожалық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр. Шетел селекциясы арқылы алынған жоғары өнімділік көрсеткіштерге еге асыл тұқымды малды бағытындағы малдың өнімділігін арттыру, тұқымдық сапасын жақсарту үшін пайдаланбақшы. Өздеріңіз куә болғандай, биылғы жылы атқарылған жұмыстар аз емес. Алдағы жоспарлар мен мақсаттар да жетерлік.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде әзірленген аймақтық бағдарлама аясында келесі жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі арта түспек.

Бұл орайда, суармалы алқаптардың аумағын арттыру, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын арттыру, ақылды фермалар мен цифрландырылған өндіріс орындарын ашуға күш жұмсалатын болады.

Бұл жұмыстарды жүргізудің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаулар, қаржыландыру тетіктері толығымен автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді тікелей интернет желісі арқылы алу жүйелерін енгізу жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444