Қордай ауданындағы ауылшаруашылығы нысандарын аралады

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев Қордай ауданында жұмыс сапарымен болып, өңірдегі бірқатар ауылшаруашылығы нысандарын аралады. Өңір активімен кездесіп, осы бағыттағы алда тұрған мақсат- міндеттерді талқылады.

Мұратхан Шүкеев алдымен «Қақпатас — Қордай» шаруа қожалығында болды. Мұнда қазіргі таңда Германиядан әкелінген 200-бас Швид атты асыл тұқымды сиыр ұсталады. Оны сауу үшін Делаве деген заманауи қондырғы да қойылған. Одан кейін облыс әкімінің орынбасарына 3000  бас мал бордақылау кешенін ашқан «Медет» жеке серіктестігінің жұмысы көрсетілді. 500 бас аналық МІҚ малына арналған 2 репродуктор шаруашылығы, бірі сүт және бірі ет бағытында жұмыс істейтін ірі ұжымдардың басшыларымен кездескен Мұратхан Жүнісәліұлы оларға өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру керектігін айтты. Облыстан барған жұмыс тобы Қордай ауылындағы «Первомайские деликатесы» кәсіпорынының да жұмысымен танысты. Мұнда қазір тәулігіне 120- бас қой мен 50-бас мүйізді ірі қара ұсталады. Түстен кейін облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы аудан активімен кездесіп, үстіміздегі жылдың 10-айында ауылшаруашылығы бағытында ауданда атқарылған жұмыстарға жеке тоқталды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары Қордай ауданында жақсы жолға қойылған. Биыл тағы да бірнеше шаруашылық осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін несие алуға өтініш берген. Ауданда негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып, ет 19444,5 тонна,  сүт  өндіру 61439,9 тонна, 18994,2 мың дана жұмыртқа өндірсе, 8,3 тонна  қозы еті шетелге экспортталған. Аудандарда ұсақ шаруашылықтарды ұсақ кооперативтер құрылымдарына біріктіру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» мамандарымен бірлесе отырып агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру қажеттілігі туындауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444