Цифрландырылған ақпараттық орталықтар халыққа қызмет көрсетуде

Бұл күндері Жамбыл облысының аудандары мен ауылдарында цифрландырылған ақпараттық орталықтар құрылып, халыққа қызмет көрсетуде. Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған орталықтар енді «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Яғни, орталық мамандары тұрғындарға еgov.kz электрондық үкіметі арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беретін болады. Ал жыл соңына қарай несие, тұқым алуға, сонымен қатар, балаларын ЖОО, колледжге, түсіру үшін қандай құжаттар жіберу керектігі жайлы да ақпарат бере алады. Бұл алыс ауылдардағы ағайын аудан орталығына барып, уақыт жоғалтпайды деген сөз. Айта кетейік, әрбір орталық компьютермен және интернет желісімен жабдықталған.

Орталықта қандай мамандар жұмыс істейді және ауылдық жерде арнайы кеңселері бар ма? Айтып өтейік, мұндай орталықтар ауылдық кітапханалардың базасында құрылып жатыр. Биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін облыста осындай отыз орталық іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Ал, жыл соңына дейін орталық саны 60-ға дейін артпақ. Қазіргі таңда облыста 288 кітапхана бар, алдағы уақытта цифландырылған ақпараттық орталықтар барлық кітапханада жұмыс істейді деген жоспар қойылған.

Сондай-ақ, цифрландырылған орталықта жұмыс істейтін кітапханашы маманның біліктілігін арттыру мақсатында «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-де түрлі оқыту семинарлары өтеді. Біліктілігін жетілдірген қызметкер облыстық басқарма мамандары мен бірлесіп, өзі жұмыс жасайтын ауданда немесе ауылда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы мемлекеттік кітапханаларында коворкинг орталықтары мен цифрландырылған ақпараттық орталықтары ашылды. Атап айтар болсақ, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Бродкастинг” залы, ал “Коворкинг” орталықтары Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, Жуалы аудандық орталық кітапхана, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық кітапхана, Меркі аудандық орталық кітапхана, Талас аудандық орталық кітапхана және Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада оқырмандарға қызмет етуде. Сондай-ақ, 23 цифрландырылған ақпараттық орталықтар бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444