Этнос өкілдері туралы электрондық деректер базасы іске қосылды

Деректер базасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына үлесін зерделеу» жобасын іске асыру аясында 2019 жылғы жоба негізінде әзірленген.

Айта кетейік, деректер базасына Шымкент қаласына елеулі еңбегі сіңген, осында туып-өскен этнос өкілдерінен құралған тұлғалар бар. Әртүрлі этностарының көрнекті өкілдерін зерделеу, қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер базасын құру қазақстандық — этностардың еліміздің ортақ тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесінің жаңа қырларын ашады. Сонымен, 2019 жылы XIX-XXI ғғ. кезеңіндегі өнер, мәдениет, қоғам, ғылым, білім салаларының дамуына елеулі үлес қосқан 14 облыс пен 3 қаладан алғашқы 50 көрнекті қайраткерлер, этнос өкілдері: орыстар, немістер, кәрістер, татарлар, еврейлер, ұйғырлар, дүнгендер және т. б. анықталып, электрондық деректер базасына енгізілді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444