Еңбек еш кетпейді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында славян этномәдени бірлестігінің негізін қалаған тұлғалардың бірі және ұзақ жылдар қуыршақ театрының директоры болған Валентин Иванович Малюченко туралы айта кетпекпіз.

Валентин Иванович мәдениет саласында көп жылдар қатарынан жұмыс істеді:, Шымкент қаласы мәдениет басқармасының меңгерушісі, филармония, қуыршақ театрының директоры қызметін атқарған. Ол Славян мәдени орталығының төрағасы болған кезде Славян халқы тілдері мен мәдениеті күндері сияқты кешенді бағыттар жандана бастады. Олар халықтық фольклор байқауына ұласып, халықтың шоғырлануына әсер етті. Сонымен қатар, қалалық мектеп түлектерінің Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуына қолдау көрсетілді және жақын шетелдегі жоғары оқу орындарында қосымша білім алу мүмкіндігі де іске асырылды.

Валентин Иванович басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін арттыру үшін Ресей қалаларына шығуы, Ресейден құнды басылымдарды алғызу мүмкіндігіне ие болды. Ол әдебиеттерді кейіннен славян орталығы мәдени-ағартушылық қызметінде (Ресей мемлекеттік кітапханасының НИО «Информ культура» ақпараттық жинағы, — «Россия» «Соотечественники: русская культура вне границ») белсенді пайдаланды.

Бұған қоса, оқушыларды музыка өнеріне Кобалевский жүйесі бойынша баулу идеясы авторларының бірі осы Валентин Иванович болды. Оның арқасында Шымкенттің орталық бөлігінің мектептері музыка сабақтарын филармонияда өткізді. Осы сабақтарға кәсіби әншілер мен музыканттар, қазақ және орыс ұлттық аспаптары оркестрлері, вокалды-инструменталды ансамбльдер белсенді қатысып, ән сабақтарының тиімділігі мен тартымдылығын жоғары деңгейге шығарды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444