Талас ауданы халқының 80 пайызы газбен қамтамасыз етілетін болады

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев журналистермен жүздесіп, аудан көлемінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұған дейін облыс басшысы Асқар Мырзахметов ауданға кезекті іс-сапары барысында Талас ауданына қатысты бірталай сын-ескертпелер жасаған болатын. Әсіресе, агросала мен кәсіпкерлік саладағы олқылықтардың бары айтылды. Содан бері айтылған сыннан қандай нәтижелер шығарылды? Қандай өзгерістер бар?  Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы 23 ауылдық елді мекендері ішінен 9 елді мекенге газ құбыры жеткізілген. Жалпы 9 елді мекенде аула саны 1570 болса, газға қосылғаны 1370 үй, яғни 87% құрайды (200 үй қосылмаған). 1996 жылы – Тамды ауылы болса, 2014-2016 ж.ж. – Аққұм, Бостандық, Талапты, Тамабек, Ойық, Сейілбек, Тұрымқұл ауылдарына газ тартылған. Айта кетейік, аудандағы елді мекендерді газдандыру мақсатында «Шәкіров АГРС»-нен 5 елді мекенге (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр ауылдары) орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 4 млрд. 941 млн. теңгені құрайды.

Осы аталған елді мекендерде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн. 900 мың теңге бөлініп, құжаттары дайындалуда. Аяқталу мерзімі 30 қараша 2018 жыл. Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу үшін 3 млрд. 222 млн. теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс берілді.

Аталған елді мекендерге ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 25 млн. теңге бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Жоғарыда аталған елді мекендерге ішкі газ желілерін жүргізген жағдайда елді мекендер саны 17–ге жетіп, 80 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.

Облыс басшысы шүйліккен «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келсек, мұнда аудан басшысы Досмаханбет Қасымұлының айтуынша,  1415 тонна цемент және 4600 тонна клинкер өндіріп, ақшалай 35 млн. тенгені құраған. Ал, «Қаратау ПРО» ЖШС 36559 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш өндіріп, ақшалай 272 млн. 900 мың тенгені құрады. «Амангелді ГАЗ» ЖШС 155 млн. 600 мың текше метр табиғи газ және 7900 тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 5 млрд. 877 млн. теңгені құрады. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1600 тонна сұйытылған газ, 700 мың текше метр газ және 4800 тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 511 млн. 200 мың теңгені құрады. «Шолақтау» тау кен өңдеу кешені 46800 тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндірген.

Сондай-ақ, Досмаханбет Қасымұлы ауданда ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өскенін айтты. Талас ауданы ағымдағы жылы 11 млрд. 736 млн. теңгенің өнімін өндірген. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалып, нақты көлем индексі 110,9% құрады.

«Talas Investment Company» ЖШС 4066 тонна цианид натрий және 1444 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 3 млрд. 76 млн теңгені құрады. Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында 18 млрд. 211 млн. теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде жылына 15000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-гі, жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-і. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері 6 млрд. 110 млн. теңгені құрап, 101,0% орындалып, немесе 57 млн. 900 мың теңгеге артық өндірілген. Нақты көлем индексі 101,5% құрады. Мал шаруашылығы бойынша: Мал мен құс еттері: 7905 тонна (102,2%-ға), сүт 6192,0 тонна (102,5%-ға), жүн 284 тонна (102,0%-ға) жұмыртқа 1 млн. 941 мың дана (64,3%-ға) өндірілген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444