ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында келелі жиын өтті.
Адалдық пен парасаттылық құндылықтары кең көлемде дәріптелген кездесуге «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Әдемі Толысбаева және университеттің белсенді студент жастары қатысты.
Басқосуда адал еңбек, ар тазалығы, туралық пен әділдік құндылықтарының қоғам алдындағы маңыздылығы баса атап өтіліп, елдің ертеңгі тірегі болған жастардың болмыс-бітімі парасаттылықпен біте қайнасуы қажеттігі сөз болды.
Өз кезегінде Нұржахан Ермағамбетқызы сыбайластықтан таза қоғамды қалыптастыру бүгінгі өскелең жастың қолында екендігін ашық атап өтіп, пара алу, пара беру, делдал болу сынды көлеңкелі қылмыстарға көрілетін жаза түрі қатаңдатылғанын және мемлекет саясатында айрықша басымдық жемқорлық көріністерінің алдын алуға берілгендігін баяндады.
Сондай-ақ, Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтармен хабардар етіп, жарқын болашаққа аяқ басқан студент-жастарға бармақ басты, көз қысты әрекеттерге кезіккен жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444