«Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды

2019 жылдың 4 шілдесінде Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қорының қаржылай қолдауымен бірегей әлеуметтік маңызы бар «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры ұйымдастырған «Болашақ өркениетіне жеті қадам» номинациясы бойынша 2019 жылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болды.  Жоба —  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жас ұрпақпен жұмыс өте маңызды рөл атқарады. Ерте жастан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жояды. Бала кезінен қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу өте маңызды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәрбиеге ерекше рөл беру керек, деп түсіндірді «Даму» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айгүл Елібаева

Тұсаукесерге білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және Шымкент қаласындағы белсенді жастар қатысты, олар Тұңғыш Президент Қорына жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуде және қалыптастыруда көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444