МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІМЕН АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЯСЫНДА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында орналасқан Абай атындағы 31 жалпы орта мектебінің бітіруші сынып оқушылары арасында әділдік, парасаттылық қағидаттарына негізделген іс-шара өтті.
Жиынға «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова, бітіруші түлектер мен мектеп мұғалімдері белсене қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
«Болашағымыздың іртетасы – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі белгілі. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін жас буынның тәрбиесі тұнық, елге деген сүйіспеншілігі берік болуы қажет. Соның ішінде, бүгінгі іс-шараның берері мол. Сіздерді өмір жолында әділдікті ту етіп, таза қоғамды бірге қалыптастыруға шақырамын», — деді Нұржахан Ермағамбетқызы.
Жиын барысында соңғы қоңырау мерекесіне орай, мақсатсыз қаражат жинау мәселесіне жол берілмеу қажеттігі ескертіліп, жиынға қатысушылар назарына әлеуметтік бейнеролик ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444