АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіру шарасы өтті.
Іс — шараға ауыл әкімі Б.Баймұратов, Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Н.Абуова ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиын барысында Нұржахан Абуова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңыздылығын атап өтті.
Тұжырымдамадағы ең басты жаңашылдық — ол негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.
Кездесу соңында еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтары айтылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444