МАМАНДЫҒЫҢНАН БҰРЫН, АДАЛДЫҒЫҢДЫ БИІК ҰСТА!

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан Б.Маханов Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаментінің ұжымымен кездесті.

Басты мақсат — ұжым арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңашылықтардан хабардар ету.

Жазира Әлжанова жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған бірқатар маңызды заңнамалық шаралардан хабардар етті. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалардан хабардар етіп, мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Батырша Маханов  мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын жеткізіп, мамандықтан бұрын, адалдықты биік ұстауға шақырды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жайында ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алады, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының  жұмыс істейтіні қатысушылардың назарына жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444