Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде

Елбасы Н.Назарбаевтің  «El Umiti» бастамасымен ашылған Шымкент қаласының Дарын орталығының директоры ретінде өз алғысымды білдіремін!

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы, жас ұрпаққа жолдаған үндеуіне қосыламын. Елбасы осы үндеуінде жастарымызға Тәуелсіздігіміздің ең басты құндылық екенін, тарихымызға  құрметпен қарап, мемлекетімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.  Себебі, Тәуелсіздік үшін неше еселі еңбек кетті.  Қазақтың барша арман-мақсатының орындалуы тек Тәуелсіз мемлекет, дербес ұлт жағдайында ғана мүмкін екенін ұмытпауымыз керектігін айтты және жас ұрпақты еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан көп ұлттық мемлекет болғандықтан Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерімен өзара бірлік пен келісімде болуға және  осы татулықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті зор.

Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу –  әр азаматтың парызы. Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады.

Қазақ үшін ел мен жер тұтас ұғым екендігін айта отырып, жерімізді қорғауға барлық қазақстандықтарды шақырды.

Жаһандану үдерісі тұрмысымыз бен салт-санамызға өзгеріс әкелгенмен, ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды ұмытпауымыз керек, Отанға, ауыл-аймағыңа, еліңе отбасыға  деген махаббат, отан сүйгіштік пен патриотизм мен жанашырлықтан бас тартуға болмайды.  Қай кезеңде де біз үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Сондай-ақ,  қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек.

Мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді.

Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор.

Сол үшін мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білген абзал.

Басқа халықтарды тек өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламызды айтты. Жастарды білім мен еңбекке шақырды. Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді. Осыны жастардың санасына сіңіру қажет. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге, жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына берілген мол мүмкіндікті пайдаланып,  прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға шақырды!

 

Раушан Джеренова

Дарын орталығының директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444