Эстафетаны «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі жастар қанаты жалғады

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан бастап, эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлері, ұстаздар, жоғары оқу орындарының ректорлары, студенттер мен оқушылар жалғастырған болатын. Міне, бүгін ақынның 175 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр бірлік күніне орай ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айту челлендж-эстафетасын Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының төрағасы Берік Сабыр қолға алды. Берік Сабыр «Өлен сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, әлеуметтік желіге жолдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444