АСЫЛДЫҢ БІРІ — АДАЛДЫҚ
Ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне бірқатар өзгерістер күшіне енген болатын.
Осыған орай, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде болып, ұжым қызметкерлеріне мақсатты кездесу өткізді.
Ең алдымен, штаб төрағасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді хабарлап, бүгінгі күні Агенттіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілгенін баяндады.
Сондай-ақ, Агенттік жұмысының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, бірқатар өзгерістер енгізілген жаңа Заңға сәйкес, пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды әрекеттерге көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгенін жеткізді.
Кездесу соңында парақорлық деректерінің алдын алу және адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.