ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДАРДЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен «Сапалы жол» жобасы аясында Сайрам ауданындағы бюждет қаржысы есебінен салынған аудандық ішкі жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды және мердігер мекеменің жауапкершілігін күшейту.

Жолдардың сапасын зерделеу жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Сайрам ауданы әкім аппаратының басшысы Берік Тұрғынбеков, аудан әкімінің кеңесшісі Бақыт Хасанов, облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары мен жауапты мердігер компанияның басшылары мен ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кешенді мониторинг жұмыстары барысында Жібек жолы ауылында орналасқан Рысқұлов пен Манкент ауылына қарасты А.Абдикадиров көшелерінің жол құрылысының сапасы тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы төселген асфальт бетон жамылғысынан сынама алынды, нәтижесінде төселген жолдардың кейбір тұстары сметалық құжатқа сай келмейтіндігі🛣⚠️🚫 анықталды.

Атап айтсақ, Рысқұлов көшесінің асфальт бетон жамылғысында отырулар мен тегіссіздіктер, шашылулар мен жол төселімінің бұзылу ақаулары белгілі болды.

Сондай-ақ, А. Абдикадиров көшесінен 4 дана сынама кесінділері алынып, қалыңдығы сметалық құжатқа сай келмейтіндігі және жол төселімінің тегіссіздігі мен шашылулары анықталды.

Жаңа салынған жолдардан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдарына мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұратын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444