Конституция күнінде кәсіпкер медицина қызметкерлеріне демеу көрсетті
Қазақстан Республикасының Ата Заңы — Конституция күніне орай медицина саласында аянбай адал еңбектеніп жүрген Шымкент қалалық кардиоорталық қызметкерлерін ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25» медалімен және орталық кәсіподағы тарапынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, 1 сыныпқа баратын балалары бар орталық қызметкерлеріне сөмкелер мен қажетті канцеляриялық тауарлары табысталды. Бұл игі іс-шара жеке кәсіпкер Ғизат Алдарқұлұлы Райымқұловтың демеушілігімен іске асты.
Жас кәсіпкерге алдағы уақытта тек үлкен табыстарға жетіп, жұмысы тек қуаныш пен береке әкелсін деп тілейміз!