Медицина саласындағы ең мейірімді жандарға алғысымыз шексіз

Адам денсаулығы қай уақытта да ең басты құндылық саналған. Аурудың жасқа да, кəріге де қарамастан ұрымтал жерден соғатыны ақиқат. Ақ халатты абзал жандар əр науқастың жанына жалау болып,  сырқатына қарсы тұрып, адамға  екінші өмір сыйлап жатады. «Гиппократ» антын өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы болып саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген медицина саласы мамандарының еңбегін айтпай кетуге болмас. Əрбір маман — емделушілердің жағдайын жасап, өз істеріне тиянақты болып, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Осындай білім мен мейірімділікті ұштастыра білген Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 2- терапия бөлімінің меңгерушісі Абдраимов Ержан Бахытұлы басқарған ұжымды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге шексіз алғысымызды білдіргім келеді. Кəсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444