Елбасы: «Конституция – Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі»
Конституция күні – халқымыздың қастерлі де ұлық мерекесі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізін қалаған Ата Заң азаматтарымыздың теңдігі мен бостандығына кепілдік беруімен, елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуына негіз болуымен құнды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – шын мәніндегі жалпыхалықтық мереке. Ата заңымызды күнделікті оқып үйрену, оның басты қағидаларымен мұқият танысу – оның әрбір әрпінің астарында аса зор мән-мағына барын көрсетеді. Өйткені, әрбір азаматтың міндеті Ата заңды және соның негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындау. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Конституция – Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген сөзі еске түседі. Осынау қасиетті де қастерлі мерекеде әрбір отбасыға береке-бірлік пен бақ-дәулет тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Конституциямыз мызғымас, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!
Берікбай Елтайұлы,
Шымкент қаласы
№83 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.