1424 Call орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алыңыз
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Сall-орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды ТЕГІН консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Азаматтарға кеңес беру:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
• Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
Хабарламаларды қабылдау:
• сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы;
• кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және дайындалып жатқан қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі.