Пойызда дүниеге келген сәби

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында

Сонау Ұлы Отан соғысы аяқталар шақта Қазақстанға қоныс аударушылардың ішінде  әзербайжан  ұлтының  өкілі Әсмәр Юсуфқызы аяғы ауыр болса да, отағасымен  өзге елге көшуге мәжбүр болды. Қандастарымен бірге ол да  пойызға мінді. Қанша күн жүргені белгісіз, Әсмәр Насипова  ай-күні жақындап, пойызда сәбиін дүниеге әкелді. Тағы да  болса, көпшілік арасынан дәрігер табыла қалып, анаға көмек берілді. Нәрестенің есімі Гүлсахар қойылды.  Содан Гүлсахардың ата-анасы Мұстафа Пашаев пен Әсмәр Насипова бірнеше күн өткен соң Көкбұлақ ауылына келіп тірелді.  Содан Пашаевтар отбасы жерлестерімен бірге Ақбұлақ ауылына тіркеліп, осында қоныстанды. Онда Гүлсахардың әке-шешесі қоймада жұмыс істеді.  Өмірге төрт ұл-қыз әкелді. Гүлсахар да сегізінші сыныпты бітірген соң, қоймада мақта тапсырушы болып еңбек етті. Сыйлықтарын да алушы еді. Ең қызығы, қазақ мектебін бітірген.

Гүлсахар Шымкент қаласындағы Тельман бөлімшесіне тұратын отбасыға тұрмысқа шығады. Гүлсахар Пашаева:

-Тельман бөлімшесіне келін болғалы міне, елу бес жыл болыпты. Жолдасым Әбілов Балабекұлы жетпіс екі  жасында дүниеден озды. Құдайға шүкір,  бала-шағамның  бәрі оқыды. Туған жерім де осы, өскен жерім де осы. Еңбегім сіңген де осы.  Үш ұлым, үш қызым бар. Жиырма бір немерем, тоғыз шөберем бар. Отағасы екеуміз  жақсы өмір сүрдік, ешқашан ренжіскен кезіміз болмады.

Балаларымның бәрі қазақ мектебін бітірді. Тіпті, енді немерелерім де қазақ сыныбында білім алып жатыр. Фамилиямыз да аттарымыз да қазаққа ұқсас. Мұғалімдерде Балабековтар деп мақтайтын  еді. Өйкені, мектепте балаларым жақсы оқыды.

Әкесінен қалған мұра- қасапшылықты кәсіп етіп, нәсібін жеп жүр

-Ағабек Әбіловұлы  1970 жылы 11 қарашада туылған. Ол қазақ мектебінің табалдырығын аттап, сегіз жыл оқып, үш жыл кешкілік дәріс алған. Одан кейін мектеп бітіре салысымен әскерге Самараға кеткен.  Әскерден келген соң, совхозда бір жыл қарауыл болып жұмыс істеді.  Одан Шымкент Әуежайының   коммерциялық  қоймасында  жүк тасымалдайтын жұмысшы болды. Кейін қысқартуға ілініп, қазір бұйырған нәпақасын тауып жүр.

  • Қазақ тілін үйрену қиынға соқпады ма? – деп сұрадық Ағабек Балабековтен. Ол:
  • Орысша телемастер курсына оқуға бардым. Бірақ оқымай қайтып келдім. Түсінбегеннен орысша оқымаймын деп келдім. Бала кезімде қазақ балалармен доп ойнап, соларға ілесіп, қимағандықтан, қазақ мектебін таңдадым. Қазір құдайға шүкір Қазақстанда үйлі-баранды болып өмір сүріп жатырмын. 1996 жылы  Гүлзия Балабековамен (Мамедова) отандастым. 16 жасында маған тұрмысқа шықты.
  • Қазақстан туралы не айтар едіңіз?
  • Қазақстанға тек алғысымды айтамын. Бауырына басты. Еңбек істеп араластық. Қатарға қосылдық.  Елбасына рақмет. Зейнеткерлерге қол ұшын беріп, зейнетақы беріп жатыр. Еліміз тыныш, соған да  шүкір.
  • Бала кезіңізде не нәрсе есіңізде қалды?
  • Ол уақытта барлық халық қиналды. Құдайға шүкір қазір молшылық, кеңшілік, тыныштық орнаған. Қазір барлығы жеткілікті. Өкпе-ренішім жоқ. Сол пойызда бізді қарсы алып, құшақ жайып асын беріп, қаншама ұлысты аман алып қалдық десек болады. Аш-жалаңаш келген өзге ұлт өкілдерін  жатсынбай  жақын тартты.  Мүмкін бұл  біздің тағдырымыз шығар, бірақ кең пейілді қазақ  еліне  келгенімізге шүкіршілік етеміз. Көзімді ашқаннан қазақпен бірге өстім, осында туылдым.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444